Back to: Оңалтатын құрал-жабдық және ЕДШ

Мүгедек балалардың жаттығуына арналған құрылғы СН-37

Print
Base price
Description

Ортопедтік орындық СН 37.01.01
(отыруға арналған тірек, 70-90 см болатын бойға арналған)
Мүгедек балалардың жаттығуына арналған құрылғы
СН-37, Ортопедтік орындық СН 37.01.02
(отыруға арналған тірек, 90-115 см болатын бойға арналған)
Орындық әртүрлі формалардағы балалар церебральды сал ауруы бар балаларға, әсіресе гиперкинездер болған, сондай-ақ қимыл мен психо-сөйлеу жағынан дамуында артта қалу, омыртқаның айқын патологиясы (сколиоз, кифоз және т. б.) болған жағдайға арналуы тиіс.
Орындықта мыналар қарастырылған болуы керек:
баланың омыртқасын ыңғайлы күйге келтіруге және жеңілдетуге арналған тасымалдау тетігі мен фиксатордың көмегі арқылы арқалығы мен басқыштың көлбеулігін механикалық реттеу;
дұрыс қалыпта отыру үшін жасалған бас тірегіші мен абдукторларды орнатуға арналған ойықтары бар, бала үшін аса жайлы болуына арналған арнайы пішіндегі арқалығы мен орындығы;
баланы отырған күйде мықтап бекітетін бас тірегіш, абдуктор және көкірекше;
орындық пен оның отырғышындағы пенополиуретан толтырмасы бар, санитарлық өңдеуге мүмкіндік беретін және тозуға төзімді матадан жасалған жұмсақ кішкентай матрацтар;
биіктігі жағынан реттелетін, бойы әртүрлі пайдаланушылар үшін қосымша жайлылықты қамтамасыз ететін шынтақ таяныштары;
реттелетін бас тірегіш;
жан-жағынан қоршалған, жаттығуға және тамақ ішуге арналған, тереңдігі жағынан реттелетін алынып-салынатын кішкентай үстел;
орындықтың тұрақтылығы мен сенімділігін қамтамасыз ететін дәнекерленген жақтау;
диаметрі 50 мм болатын 4 дөңгелек, артқы екі дөңгелекте - жеке тежегіштер;
еден бетімен оңай қозғалу.

Жиынтықтауы:
• Орындық - 1 дана.
• Бас тірегіштер - 2 дана.
• Абдуктор - 1 дана.
• Көкірекше - 1 дана.
• Алынып-салынатын кішкентай үстел - 1 дана.
• Аяқтарды басқышқа бекітуге арналған белдіктер - 2 дана.
• Пайдалану жөніндегі нұсқаулық - 1 дана.
Бұйым тіркелген және ҚР бүкіл аумағында медициналық практикада қолдануға рұқсат берілген.