Back to: Нейро-ортопедический реабилитационный комбинезон «Фаэтон»

Нейро-ортопедтік «Фаэтон» оңалту комбинезоны, өндірушісі «НПФ «Медтехника» ЖШҚ, Ресей Федерациясы

Print
Base price
Description

Инсульттің, бассүйек -ми жарақаттының салдары, қозғалыс үйлесімділігінің бұзылуымен, жүру кезеңдегі тұрақсыздықпен, қозғалыстың бұзылуымен ұштасқан омыртқа мен жұлынның зақымдануының салдары және т.б.;
Шиеленісу сатысынан тыс қозғалыстың бұзылуымен асқынған тірек-қимыл жүйесінің аурулары (артроз, артропатия, дисплазия және т.б.);
Сколиоздың, омыртқа жарақатының салдарынан сымбаттың бұзылуы;
Аяқ-қол және омыртқа сүйектерінің сынуының қалдық көріністері бітіп кету процестерін жеделдетеді, метаболизм процестерін жақсартады;
Шашыраңқы склероз;
Іс-қимыл және сөйлеу бұзылыстары;
Балалардың церебральды сал ауруы;
Ми қан айналымының жедел бұзылуы
секілді іс-қимылы бұзылған неврологиялық науқастарды оңалту кезінде қолданылады.

«Фаэтон» ОК перифериялық жүйке жүйесінің жұмысын жандандырады және бұлшықеттерді физиологиялық нормаға шамалас тонусқа келтіреді. Қысып тұру есебінен костюм омыртқаны жеңілдетеді де, денені ұзына бойына созады. Костюмді киіп жасаған тұрақты жаттығулар қалыпты ұстап тұрудың жақсаруына, дұрыс қимыл стереотиптерінің дамуына алып келеді.

Жинаққа: комбинезон, манометрі бар сорғы, көлік сөмкесі, әдістемелік құрал, бейне нұсқаулық кіреді.

Нейро-ортопедтік «Фаэтон» ОК оңалту комбинезонының өлшемі адамның бойы мен кеуде орамына байланысты болады.

Тапсырыс беру кезінде өлшемін САТР орталығының маманымен келісіңіз.
Жинаққа: комбинезон, манометрі бар сорғы, көлік сөмкесі, әдістемелік құрал, бейне нұсқаулық кіреді.

Нейро-ортопедтік «Фаэтон» ОК оңалту комбинезоны тіркелген және ҚР бүкіл аумағында медициналық практикада қолдануға рұқсат берілген.