eyeslabkaz

Тексеру зертханасы

Есту қабілетін диагностикалауға арналған құралды тексеруге арналған тексеру зертханасы
2013 жылғы тамыздан бастап Орталық құрылымында өлшеу құралдары болып табылатын және Қазақстанда тіркелген барлық үлгідегі есту қабілетін диагностикалауға арналған құралдарды (аудиометриялық құралдар) тексеру бойынша аккредиттелген метрологиялық қызмет (Тексеру зертханасы) жұмыс істейді. Орталықтың Тексеру зертханасы өз қызметін 2018 жылдың 29 тамызында берілген № KZ P. 02.1402 Аккредиттеу аттестаты негізінде, "Акустикалық өлшеулер. Өлшем түрінің коды 12" ҚР СТ өлшеулер түрінің классификаторына сәйкес жүзеге асырады.
Аудиометриялық құралдарды (өлшеу құралдарын) тексеруді "акустикалық өлшеу құралдарының өлшеулерін тексеруші" біліктілігі бар, сондай-ақ оны тексеру, жөндеу және сервистік қызмет көрсету бойынша өндіруші зауыттарда қосымша кәсіптік оқытудан өткен тексеру зертханасының жоғары білікті тексеруші мамандары жүзеге асырады.
Тексеру әдістемелерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу туралы және өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасының талаптарына сәйкес аудиометриялық құралдар (өлшем құралдары) олардың Қазақстан Республикасында белгіленген метрологиялық және техникалық талаптар мен стандарттарға сәйкестігін растау үшін оларды жыл сайын міндетті түрде тексерістен өткізу керек.
Есту қабілетін аудиометриялық құралдарда диагностикалау кезінде дәрігердің қойған диагнозының дәлдігі мен дұрыстығы өлшеу құралдарының осы түрін жыл сайын тексеру және калибрлеу арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін аудиометриялық құралдың нақты жұмысына байланысты.
Бұдан басқа, Орталық "GN Otometrics A/S" фирмасы өндіретін аудиометриялық (сурдологиялық) құралдарға (өлшеу құралдарын) кепілдікті және кепілдіктен кейінгі сервистік, техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу бойынша жалғыз авторландырылған сервистік орталық болып табылады.
тел: (727) 3958340, e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Аттестат Аккредитации ru Аттестат Аккредитации kz