eyeslabkaz

Есту диагностикасы

Сурдолог – есту қабілетін тексеру
Құлақ – бұл екі функцияны орындайтын күрделі вестибулярлық-есту мүшесі: ол дыбыстық импульстарды қабылдайды және дененің кеңістіктегі орны мен тепе-теңдікті сақтау қабілетіне жауап береді. Есту қабілетінің төмендеуі, құлақтағы шу және бас айналуы адамның өмір сапасын нашарлатады. Балалардың есту қабілетінің бұзылуын дер кезінде анықтамау оның дамуының артта қалуына әкелуі мүмкін. Сурдологиялық бөлімнің міндеті есту мүшелерінің және тепе-теңдік ауруларын толық диагностикалау, сондай-ақ одан әрі оңалту болып табылады.
Күн сайын ӘБЕО орталығының сурдологиялық бөліміне ондаған науқас келеді. Мұнда есту қабілетін терең тексеру: заманауи әдістерді пайдалана отырып, есту қабілетінің бұзылыстарын, құлақтағы шуды, бас айналуды диагностикалау жүргізіледі. Тәжірибелі сурдолог дәрігер емдеуді (консервативті, хирургиялық, жасанды есту мүшесін орнату) тағайындайды және есту жағдайына динамикалық бақылау жүргізеді. Бөлім сурдологиялық қызметтердің толық спектрін ұсыну үшін қажетті заманауи жабдықтармен жабдықталған.

ЛОР мүшелерінің ауруларын диагностикалау

Диагностика заболеваний ЛОР органов

ЛОР мүшелерінің кейбір патологияларында эндоскопия мен микроскопияны қолдану диагнозды белгілеуде жоғары дәлдікті қамтамасыз етеді және әрбір жеке жағдайда жіктелген нақты диагностика жүргізуге мүмкіндік береді.

endoskopАудиометрия – ең қарапайым және қолжетімді зерттеу, оның көмегімен есту қабілетінің нашарлау деңгейі бағаланады. Тональдық және сөйлеу тілдік аудиометрия жүргізіледі. Тональдық аудиометрияда әр жиілік әртүрлі дыбыс қаттылығының көмегімен жеке-жеке зерттеледі. Әдетте адам 20-дан 20000 Гц-ке дейінгі дыбыстарды қабылдай алады. Сөйлеуді түсіну үшін адамға 200-ден 6000 Гц-ке дейінгі дыбыстарды есту жеткілікті. Сөйлеу тілдік аудиометрия адамның әртүрлі дауыс қаттылығында берілген сөздерді түсіну пайызын анықтауға мүмкіндік береді.

audiometry

 Импедансометрия (тимпанометрия) ортаңғы құлақ бұзылыстарын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс құлақ жарғағының қозғалғыштығын бағалайды және ортаңғы құлақта сұйықтықтың болуы жоққа шығарылады.

timpanometry

 Отоакустикалық эмиссияны тіркеу сыртқы шаш жасушаларының жағдайын бағалауға, яғни ішкі құлақ ұлуларының қызметін диагностикалауға мүмкіндік береді. AccuScreen құрылғысының көмегімен сурдолог дәрігер 5-7 минут ішінде балаға отоакустикалық эмиссияны тіркеуді және КСВП скринингін жүргізе алады. Есту қабілетін скринингтік тексеру жаңа туған нәрестелер мен ерте жастағы балалардың есту қабілеті бұзылыстарын дер кезінде анықтау үшін қажет.

Регистрация отоакустической эмиссии

 Қысқалатентті естудің шақырылған әлеуетін тіркеу (КСВП) және компьютерлік аудиометрия (ASSR тесті) есту жүйкесінің зақымдануын анықтауға, есту қабілетінің төмендеу дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс дыбыстық сигналдарға жауап ретіндегі мидың электрлік белсенділігін өлшеуді білдіреді.

ASSR

Сурдологиялық бөлімде пациенттерді кохлеарлық имплантация бойынша операцияға іріктеу кезінде қажетті есту қабілетін тексеру кешені ұсынылады. ӘБЕО орталығында арнайы (түзету) және жалпы білім беретін мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарында оқитын есту қабілетінің бұзылыстары бар балаларды тексеру жүргізіледі.
Сурдолог дәрігердің қабылдауына (727) 3944513, 3944623 телефондары бойынша жазылуға болады.