eyeslabkaz

Med-EL сөйлеу тілдік процессорлардың диагностикасы

"ӘБЕО орталығы" ЖШС Қазақстандағы MED-EL компаниясының сөйлеу тілдік процессорлар мен олардың жиынтықтауыштарын кепілдіктік және кепілдіктен кейінгі жөндеуге қабылдауға уәкілетті ресми сервис орталығы болып табылады.
Сөйлеу тілдік процессордың бұзылысы анықталған жағдайда оны диагностикалау үшін ӘБЕО орталығы маманының консультациясына (727) 3944513, 3944623 телефондары бойынша жазылу қажет.
Қорек блоктарына арналған барлық қосалқы бөлшектер мен батарейкаларды мекенжайы Шевченко көшесімен қиылысатын Байзақов көшесі, 273 "В" үйде орналасқан ӘБЕО орталығында немесе интернет-дүкеннен www.daru.kz (Қазақстан бойынша жеткізу) сатып алуға болады.
Республиканың басқа өңірлерінде сөйлеу тілдік процессорларды диагностикалау және қосалқы бөлшектерді сатып алу мәселелері бойынша бүгінгі таңда төмендегі мамандарға жолығуға болады:

• Айтжанов Болат Маратұлы – сурдолог дәрігер, Балаларды оңалту орталығы, Нұр-Сұлтан қаласы
• Мухамбетьярова Марзия – кохлеарлық ипмланты бар азаматтар мен балаларды қолдау орталығы "Қуаныш дыбыста" ҚБ, Ақтөбе қ., http://voice.akshop.kz/sample-page/
• Вагнер Наталья Эриховна – "Gesundheit" медициналық орталығы, Қостанай қ., Амангелді к-сі, 72, тел: (714) 2-540661
• Ширшов Иван – "ШҚ есту қабілетін оңалту орталығы" ЖШС, Өскемен қаласы, Потанин көшесі 18, тел: (7232) 54-09-57

MED-EL Elektromedizinische Geraete GmbH (Австрия) өндірген кохлеарлық имплантацияның негізгі жиынтықтаушы жүйелеріне кепілдік беру мерзімдері

Есту аппараттарын жөндеу

ӘБЕО орталығы Алматы қаласындағы есту аппараттарына кепілдікті және кепілдіктен кейінгі қызмет көрсету, жөндеу бойынша жұмыстардың толық кешенін жүзеге асырады. ӘБЕО орталығы Қазақстан территориясында Oticon есту аппараттарына кепілдікті және кепілдіктен кейінгі қызмет көрсету бойынша Oticon A/S зауытының авторландырылған орталығы болып табылады.
Есту аппараттарының сервистік жұмыстарын, диагностикасы мен жөндеуін үнемі біліктілігін арттырып отыратын және құралдарды өндіруші базада оқытудан өткен, сертификатталған маман орындайды.
Жөндеу жұмысының алдында бар бұзылыстарды анықтау үшін құралдардың диагностикасы жүргізіледі, бұзылыстардың себептері мен дәрежесі анықталады, ауыстыру қажет бөлшектерді таңдау жүзеге асырылады.
Есту аппараттарына сервистік жұмыстар жүргізу, ақылы немесе кепілдікті жөндеу жұмысының шарттары мен құны туралы қосымша ақпарат алу үшін сіз +7(727)3958340 телефоны немесе Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық мекенжай бойынша хабарласа аласыз.
Есту аппараттарына сервистік қызмет көрсету бойынша инженер: Кондралеев Барий Шагаибович

Қызмет көрсету орталығының жұмыс ережесі
Қызмет көрсету орталығы "ӘБЕО орталығы" ЖШС-ның Қазақстан Республикасының территориясында сатқан барлық құрал-жабдықтарына техникалық қызмет көрсетеді және жөндеу жұмысын жүргізеді. Құралдың жұмыс істеуі бұзылған жағдайда "ӘБЕО орталығы" ЖШС қызмет көрсету орталығының инженеріне хабарласып, бұзылыс түрін және оның байқалымдарын сипаттау керек. Инженер бұзылыс түрін анықтайды және жіктейді, қажет болған жағдайда оны шешуге қатысты +7 (727) 395-83-40 телефоны бойынша кеңес береді. Құрал қызмет көрсету орталығына диагностика мен жөндеуге қатысты өтінім толтырылып, ұсынылған кезінде ғана қабылданады. Өтінім үлгісін біздің сайтымыздан www.satr.kz (қызмет көрсету орталығы бөлімінде) жүктей аласыз, оны алдын-ала толтырып, электрондық пошта Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.. арқылы жіберіңіз. Өтінімдер екі жұмыс күні ішінде қарастырылады.
Құрал құралды қызмет көрсету орталығына тапсырған сәттен бастап екі жұмыс күнінен бес жұмыс күніне дейінгі мерзім ішінде диагностикаланады. Кепілдікті/кепілдіктен кейінгі жөндеу жұмысының ең ұзақ мерзімі, егер сатып алу-сату шартында және/немесе кепілдік талонында басқаша жағдай көрсетілмесе, құралды қызмет көрсету орталығына қабылдау-тапсыру актісін ұсынған және қол қойған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн. Бұл мерзімге өндіруші зауыттан қажетті қосалқы бөлшектерді тасымалдау уақыты, құралды қызмет көрсету орталығына және қызмет көрсету орталығынан тасымалдау уақыты, сондай-ақ Тапсырыс берушіні құралдың дайындығы туралы хабардар еткеннен кейінгі уақыт кірмейді.

Кепілдікті /кепілдіктен кейінгі қызмет көрсету тек қызмет көрсету орталығында ғана жүргізіледі:
"ӘБЕО орталығы" ЖШС мекенжайы: Қазақстан Республикасы, A05B6X2, Алматы қ., Байзақов к-сі, 273 "В", тел.: +7 (727) 395 83 40, ұялы тел./WhatsApp: +77079691029 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Кепілдікті, кепілдіктен кейінгі қызмет көрсетуге өтінімдерді (хаттарды, сұраныстарды) қабылдау "ӘБЕО орталығы" ЖШС қызмет көрсету орталығында жұмыс күндері, сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін жоғарыда көрсетілген байланыстар бойынша жүзеге асырылады.

Тексеру зертханасы

Есту қабілетін диагностикалауға арналған құралды тексеруге арналған тексеру зертханасы
2013 жылғы тамыздан бастап Орталық құрылымында өлшеу құралдары болып табылатын және Қазақстанда тіркелген барлық үлгідегі есту қабілетін диагностикалауға арналған құралдарды (аудиометриялық құралдар) тексеру бойынша аккредиттелген метрологиялық қызмет (Тексеру зертханасы) жұмыс істейді. Орталықтың Тексеру зертханасы өз қызметін 2018 жылдың 29 тамызында берілген № KZ P. 02.1402 Аккредиттеу аттестаты негізінде, "Акустикалық өлшеулер. Өлшем түрінің коды 12" ҚР СТ өлшеулер түрінің классификаторына сәйкес жүзеге асырады.
Аудиометриялық құралдарды (өлшеу құралдарын) тексеруді "акустикалық өлшеу құралдарының өлшеулерін тексеруші" біліктілігі бар, сондай-ақ оны тексеру, жөндеу және сервистік қызмет көрсету бойынша өндіруші зауыттарда қосымша кәсіптік оқытудан өткен тексеру зертханасының жоғары білікті тексеруші мамандары жүзеге асырады.
Тексеру әдістемелерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу туралы және өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасының талаптарына сәйкес аудиометриялық құралдар (өлшем құралдары) олардың Қазақстан Республикасында белгіленген метрологиялық және техникалық талаптар мен стандарттарға сәйкестігін растау үшін оларды жыл сайын міндетті түрде тексерістен өткізу керек.
Есту қабілетін аудиометриялық құралдарда диагностикалау кезінде дәрігердің қойған диагнозының дәлдігі мен дұрыстығы өлшеу құралдарының осы түрін жыл сайын тексеру және калибрлеу арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін аудиометриялық құралдың нақты жұмысына байланысты.
Бұдан басқа, Орталық PATH MEDICAL компаниясы өндіретін аудиометриялық құралдарға (өлшеу құралдарын) кепілдікті және кепілдіктен кейінгі сервистік, техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу бойынша жалғыз авторландырылған сервистік орталық болып табылады.
тел: (727) 3958340, e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Аттестат Аккредитации ru Аттестат Аккредитации kz