Тілді таңдап алыңыз:

KazakhRussianEnglish

www.daru.kz

f95e609a

www.satr-training.kz

 

www.satr-edu.kz

satr-edu

Іздеу


Барыс-келістердің

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1257
mod_vvisit_counterКеше725
mod_vvisit_counterОсы апта ішінде4963
mod_vvisit_counterӨткен апта5834
mod_vvisit_counterОсы ай ішінде18859
mod_vvisit_counterӨткен ай29728
mod_vvisit_counterБарлығы2682383

Қазір: 27
Сіздің IP: 52.206.226.77
,
Бүгін: 21-03-2019 23:47

Рейтинг@Mail.ru

google

kazdidac logo

Наше оборудование



Слуховые аппараты в Алматы

Есту аппараттары мен керек-жарақтары PDF Басып шығару E-mail

БИЗНЕС-сыныпты есту аппараттары

 

 

 

acto

Acto тобындағы есту аппараттары, 

нақтылы Acto BTE және Acto BTE Power – бұл алдыңғы қатарлы технологияларды пайдаланатын және есту қабілетін жеңіл және ауыр дәрежеде жоғалтқандар үшін жарамды сандық есту аппараттарының желісі. Аппараттар дыбыстың мейлінше дәлдігі мен толық сымсыз байланысты ұсынатын RISE 2 негізінде жасалған.

 

 

Қолданылу саласы: жеңіл және орташа-ауыр, ауыр дәрежедегі сенсоневралдық, кондуктивтік және аралас есту қабілетін жоғалтудың көптеген түрлері.

 

 

Тағайындалымы: жеңіл және орташа-ауыр, ауыр дәрежедегі есту қабілетін жоғалтуды түзету және өтеу (есту қабілетінің I – IV дәрежеде төмендеуі).

 

 

Негізгі қызметтері:

Тыныш және сапалы тыңдау – Бинауральды түзету тыңдау тепе-теңдігі мен тұрақтылығын қалпына келтіреді. Бинауральды есту протезін орнатқанда барлық жағдайда дыбысты бірлесе қабылдауды қамтамасыз ету үшін, шудың бағыты мен оның дыбысы екі құлақта да реттеледі.

Кері байланысты басудың алдыңғы қатарлы жүйесі –Кері байланысты бинауральды  Динамикалық басу (DFC2) кері байланысты өте тиімді жояды, дыбыстың жалпы сапасын жақсартады және музыка тыңдауды мейлінше қолайлы әрі жағымды етеді.

Көпжолақты Бейімделу бағыттылығы – Көпжолақты Бейімделу бағыттылығы шудың бірнеше көзін баса отырып, сөздің мейлінше анықтығын қамтамасыз етеді.

Шуды басу жүйесі – Шуды басу жүйесі сөздің анықтығын сақтай отырып, тыңдау жайлылығын жақсартады. Дыбыстың, сөз бен шудың деңгейіне сәйкес шуды басу стратегиясын жайлап өзгету үшін дыбыс жағдайы үнемі сарапталып отырады.

 

 

Негізгі қасиеттері:

  • Реттеу алгоритмі: NAL, DSL
  • Жиілік диапазоны: 8 кГц
  • Бинауральды координация: бар
  • Бинауральды DFС 2: бар
  • Бейімделу бағыттылығы: біржолақты
  • Шуды басу жүйесі: модуляция
  • Реттеу жолағы: 6
  • Тұтынушы бағдарламасы: 4

 

 



hit

HIT тобындағы есту аппараттарынақтылы: HIT BTE и HIT BTE Power – бұл сенімді, дыбысы өте жақсы, орташа бағадағы сандық есту аппараттары. Аппараттар RISE негізінде жасалған, автоматтандырылған алдыңғы қатарлы бірнеше қызметі мен 8 кГц дейін жиілік диапазоны бар.

 

Қолданылу саласы: жеңіл және орташа-ауыр, ауыр дәрежедегі сенсоневралдық, кондуктивтік және аралас есту қабілетін жоғалтудың көптеген түрлері.

 

  

Тағайындалымы: жеңіл және орташа-ауыр, ауыр дәрежедегі есту қабілетін жоғалтуды түзету және өтеу (есту қабілетінің I – IV дәрежеде төмендеуі).

  

Негізгі қызметі:

 

Кеңейтілген жиілік диапазоны –  RISE технологиясына негізделген дыбысты ультрашапшаң өңдеу тыңдаудың барлық кезеңінде дыбыстың жоғары сапасын қамтамасыз етеді. 8 кГц дейінгі жиілік диапазоны бар аппарат мейлінше толық дыбыс үлгілерін ұсынады.

 

Кері байланысты басудың алдыңғы қатарлы жүйесі – Кері байланысты басудың динамикалық жүйесі (DFC2) көптеген жағдайларда кері байланысты өте тиімді жояды.

 

Бейімделу бағыттылығы – Бағыттылық жүйесі арттан және жанынан келетін қозғалыстағы және қозғалыссыз шу көздерін басып, қиын жағдайларда  шуға қатысты сөздің дыбысын жоғарлатады.

 

Шуды басу жүйесі – Модуляцияға негізделген Шуды басу жүйесі сөздегі дыбыстарға кері әсер етпей шуды басу үшін сөздерді сақтау қағидасын қолданады – бұл сөздердің анықтығы мен жайлылықты қамтамасыз етеді.

 

  Негізгі қасиеттері:

 

 

  • Реттеу алгоритмі: NAL/DSL
  • Жиілік ы: 8 кГц
  • Автоматтандырылған бағыттылық: Екі ереже
  • Шуды басу жүйесі: бар
  • Реттеу жолақтары: 4
  • Бағдарламалар: 4

 

 



ЭКОНОМ-СЫНЫПТЫ ЕСТУ АППАРАТТАРЫ

 

go_pro_bte

Go Pro тобындағы сандық есту аппараттарының 3 түрі ұсынылады: Go Pro BTE, Go Pro BTE PD и Go Pro BTE P OMNI. Бұл қолжетерлік бағадағы қазырғы заманғы әмбебап есту аппараттарының тобы. GO Pro есту аппараттары негізгі есту протездерінің жаңа стандарттарын орнатады.

 

   

Қолданылу саласы: жеңіл және орташа-ауыр, ауыр дәрежедегі сенсоневралдық, кондуктивтік және аралас есту қабілетін жоғалтудың көптеген түрлері.

   

 

Тағайындалымы: жеңіл және орташа-ауыр, ауыр дәрежедегі есту қабілетін жоғалтуды түзету және өтеу (есту қабілетінің I – IV дәрежеде төмендеуі).

 

   

Негізгі қасиеттері:

 

Шуды басу жүйесі –  GO Pro есту аппараты, сөздің модуляциясына негізделген және шулы ортада дыбысты қабылдау жайлылығын қамтамасыз ететін, шуды басу жүйесін қолданады.   

 

OpenEar Acoustic (OEA) – ОЕА бітелусіз және кері акустикалық байланыссыз таза, табиғи дыбысты қамтамасыз ету үшін үлкен өлшемді вентильді DFC кері байланысты Динамикалық басумен біріктіреді. Бұның нәтижесі өз дауысын барынша анық қабылдау және дыбыстың жалпы сапасын жақсарту болып табылады.

 

 

Corda ашық парақшасы – Құлақ артына қойылатын GO Pro есту аппараты Corda жіңішке түтікпен біріктірілуі мүмкін. Бұл GO Pro есту аппаратын жылдам реттеуге мүмкіндік береді және тұтынушыға құлаққа салатын тетіктің жаңа түрін ұсынады. Corda жіңішке түтігі жеңіл және орташа дәрежеlегі есту қабілетін жойғандарға жарайды.

 

  

Бағыттылығы – GO Pro тобындағы есту аппараттарының бағыттылығы мүмкін болатын екі ережемен ұсынылған: омни немесе бекітілген, олар қолдан өзгертіледі.

  

Негізгі қасиеттері:

 

  • Реттеу алгоритмі: NAL-NL I
  • Бағыттылығы: Екі ереже
  • Шуды басу жүйесі: бар
  • Реттелетін бағдарламалар: 3
  • Каналдары: 4

 



 

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЕСТУ АППАРАТТАРЫ

 

 

safari

Safari 300 тобындағы есту аппараттарыбұл педиатрия тәжірибесі үшін RISE негізінде жасалған сандық есту аппараттарының тобы, ол нәрестелер мен ерте жастағы балалардан жасөспірім балаларға дейінгі барлық жас тобындағылардың талабын қанағаттандырады.

 

  

Safari 300 есту аппараттарының 3 түрі ұсыныладыSafari 300 ВТЕ, Safari 300 ВТЕ 13 Р и Safari 300 SP ВТЕ 13 SP, олар есту қабілетін жоғалтудың жеңіл түрімен қатар ауыр түрінде де қолданылады.

  

 

Safari 300 модельді есту аппараттарыкеңейтілген жиілік диапазоны болғандықтан және дыбысты сымсыз бинауральды өңдеуді ұсына отырып, кеңістікте жақсы бағытталуға және дыбыс көзін шоғырландыруға ықпал етеді, естуінде бұзылушылықтары бар балалардың есту қабілеті мен тілін дамыту үшін мүмкіндіктер береді. RISE технологиясына негізделген дыбысты ультрашапшаң өңдеу жоғары жиіліктегі дыбыстарды барынша қабылдауға мүмкіндік береді. DSL формуласы негізінде өңделген қосымша дыбыстық ақпарат, дыбыстың өте жоғары сапасын қамтамасыз етіп, сөзді барынша түсінікті және табиғи етеді. 

 

Safari 300 SP ВТЕ 13 SP модельді өте қуатты есту аппараттары, ғажайып қызметтер жиынтығын ұсына отырып, есту қабілетін ауыр және өте ауыр түрде жоғалтқан балаларға барынша көп дыбыстарды қабылдауға көмектесу үшін арнайы жасалған. Бұл аппараттар дыбыстардың нағыз табиғи түрін сақтайды, ол естуді ғана қамтамасыз етіп қоймайды, сонымен қатар осы балаларға қажетті дыбыстың жоғары анықтығы мен жайлылығын қамтамасыз етеді.   

 

  

Қолданылу саласы: есту қабілетін жоюдың жеңіл түрінен орташа-ауыр, ауыр және өте ауыр дәрежедегі сенсоневральды типі, есту қабілетін жоюдың жеңіл түрінен орташа-ауыр, ауыр және өте ауыр дәрежедегі аралас және кондуктивті типі.

 

Тағайындалымы: жеңіл және орташа-ауыр, ауыр дәрежедегі есту қабілетін жоғалтуды түзету және өтеу (есту қабілетінің I – IV дәрежеде төмендеуі). 

 

  

Негізгі қызметі:

 

Кеңейтілген жиілік диапазоны – RISE технологиясына негізделген дыбысты ультрашапшаң өңдеу жоғары жиіліктегі дыбыстарды барынша қабылдауға мүмкіндік береді. DSL формуласы негізінде өңделген қосымша дыбыстық ақпарат, дыбыстың өте жоғары сапасын қамтамасыз етіп, сөзді барынша түсінікті және табиғи етеді. 

 

Көлемді дыбыс –Компрессияны жылдам сәйкестендіру, автоматты және бейімді бағыттылықты кеңейтілген жиілік диапазонымен біріктіру, сөзді және басқа дыбыстарды жайлы да табиғи қабылдау үшін негіз болады.

 

Көру индикаторы – Есту аппаратының жұмыс жасауының көру индикаторы жарық беру арқылы ата-аналар мен мұғалімдерге есту аппаратының жұмыс жағдайында екенін көруге мүмкіндік береді. 

 

 

 

Негізгі қасиеттері:

 

  • Реттеу алгоритмі: DSL / NAL
  • Жиілік диапазоны: 8 кГц
  • Бейімделу бағыттылығы: бір жолақты
  • Автоматты бағыттылық: екі ереже
  • Шуды басу жүйесі: модуляция
  • Реттеу жолағы: 6
  • Бағдарламалары: 4

 



ӨТЕ ҚУАТТЫ ЕСТУ АППАРАТТАРЫ

 

 

 

chili

Chili тобындағы есту аппараттарыбұл кішкентай, өте қаутты сандық есту аппараттары, ол ауыр және өте ауыр дәрежедегі есту қабілеттерін жоғалтқан клиенттердің ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жасалған. 

 

Сhili тобындағы есту аппараттары үш модельде шығарыладыChili SP9, Chili SP7 и Сhili SP5, бәрінің қуаты бірдей, бірақ қосымша қызметтер жиынтығы әртүрлі, демек премиум сыныпты, бизнес сыныпты және эконом сыныпты. 

 

Chili тобындағы есту аппараттары бұл 13 батарейкасы бар кішкентай, сенімді. құлақ артына қойылатын аппарат, ол дыбыс қаттылығын қарапайым бақылайды және нақтылы белгі береді.  RISE2 негізінде жасалған есту аппараты, тұтынушы үшін үлкен маңызы бар сөздің динамикалық сипаттамасын барынша қорғау үшін, Speech Guard дыбыс өңдеуін қолданады. Есту аппараты телефон, ұялы телефон және ТВ үшін ConnectLine сымсыз қондырғысының екінші буынын, сонымен қатар FM/DAI және телекатушка арқылы қосылуды ұсынады.   

 

Сhili тобындағы есту аппараттарының балалар мен жасөспірімдерге есту протездерін қоюда бір қатар басымшылықтары бар. Шуды басудың қуатты жүйесі, ақпаратты өңдеудің үлкен жылдамдығымен біріккен сөзді қорғау қызметі және DSLi/ov5.0a арнайы реттеу алгоритмі баланың миына белсенді дамуға, оқуға, тыңдауды үйренуге, айтылған сөздің мағанасын анықтауға және сөйлеуге мүмкіндік береді. «Mузыка» қызметі де баланың есту қабілеттерінің дамуына үлкен әсерін тигізеді. 

 

Сhili тобының шағын есту аппараттары көптеген түстерде ұсынылады. Олар соққыға мықты және ішіне ылғал мен тозаңның кіруінен сақтайтын нано-жапқысы бар. Сhili аппараттары  Streamer (стример) үйлеседі, ал ол арқылы барлық телекоммуникациялық қондырғылармен (ұялы және стационарлық телефондар, телевизор, компьютер, плеер және т.б.).

 

  

Қолданылу саласы: есту қабілетін жоюдың жеңіл түрінен орташа-ауыр, ауыр және өте ауыр дәрежедегі сенсоневральды типі, есту қабілетін жоюдың жеңіл түрінен орташа-ауыр, ауыр және өте ауыр дәрежедегі аралас және кондуктивті типі.

 

Тағайындалымы: жеңіл және орташа-ауыр, ауыр дәрежедегі есту қабілетін жоғалтуды түзету және өтеу (есту қабілетінің I – IV дәрежеде төмендеуі). 

 

Негізгі қасиеттері:

 

 

  • Реттеу алгоритмі: DSEsp, DSL v5.oa m (i/o), / NAL RP и NAL-NL1
  • Сөзді қорғау
  • Шуды көлемді басу
  • Бинауральды жүйе DFC2
  • Бинауральды сәйкестендіру (DIR, NR)
  • Айыру тетігінің бинауральды координациясы
  • Жиілік диапазоны: 6.5 кГц
  • Бейімделу бағыттылығы: көп жолақты/үш ереже және бір жолақта/екі ереже
  • Шуды басу жүйесі: үш ереже/модуляция
  • Реттеу жолақтары: 9 / 8 / 6
  • DSEsp үшін ұқсастық  4 / 4 / 4

 



swift

 

 

SWIFT сериялы 120+ВЕ моделді есту аппараттары – бұл есту қабілетін ауыр және өте ауыр дәрежеде жоғалтқан тұлғаларға арнап жасалған өте сенімді және қуатты, бағдарламаланатын құлақ артына қойылатын аппараттар.

 

  

Есту аппараттарының арнайы Battery Management System (Батарейкаларды басқару жүйесі ) бар. Жүйе батарейкалардың жарамдылық мерзімін ұзартады және барлық қызмет ету мерзімінде қуатты барынша беруін қамтамасыз етеді.    

 

Қолданылу саласыесту қабілетін сенсоневральды, кондуктивті және аралас жоғалтудың  ауыр және өте ауыр дәрежесі.

 

 

  

Тағайындалымы: жеңіл және орташа-ауыр, ауыр дәрежедегі есту қабілетін жоғалтуды түзету және өтеу (есту қабілетінің I – IV дәрежеде төмендеуі). 

 

  

Негізгі қызметі:

 

Тыныш және сапалы тыңдау – Есту аппаратының дыбыс шығаруы қуатты, дыбыс сапасы өте жақсы және қабылданатын дыбыстың бұзылу дәрежесі өте төмен.

 

Кері байланысты реттеудің тиімді жүйесі – Кері байланысты реттегіш, дыбыс қаттылығының жоғары жағдайында ВЧ күшейуін төмендетіп және дыбыстың жалпы сапасын жақсартып, кері байланысты жояды.

 

  

Реттеудің жеңіл тәртібі – Алғашқы реттеу қарапайым, реттеудің белгілі желілік тәсілдеріне негізделген және клиенттердің ризашылығын қамтамасыз етеді.

 

  

Негізгі қасиеттері:

 

  • Реттеу алгоритмі: POGO II+BC (жасырын), NAL-RP, DSL i/o (Lin), SSM+  и Corell-2
  • Жиілік диапазоны: 5 кГц
  • Сандық бағдарламалау: бар
  • Аудиограмма көлбеуін реттегіш A-GRAM (4 нұсқа НЧ/ВЧ)
  • Дыбыс шығару деңгейін реттегіш (бір мезгілде реттеу GAIN/ күшейту және МРО/барынша шығуы)

 

 


 

 

Толық ақпарат алу үшін хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 050008, Байзақов көшесі, 273 «в» 
Жабдық бойынша сарапшы Меруерт Рахматуллаевна  Ерменова
тел.: +7 (727) 395-85-11
Есту аппараттарын таңдау және икемдеу
тел.: +7 (727) 394-45-13
e-mail: 
Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек

 

Жаңартылды 18.03.2015 03:31
 

В контакте

  

vk logo

Facebook «Маған ұнайды»

facebook 2

Twitter

twitter