Тілді таңдап алыңыз:

KazakhRussianEnglish

www.daru.kz

f95e609a

www.satr-training.kz

 

www.satr-edu.kz

satr-edu

Іздеу


Барыс-келістердің

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін694
mod_vvisit_counterКеше903
mod_vvisit_counterОсы апта ішінде3840
mod_vvisit_counterӨткен апта5913
mod_vvisit_counterОсы ай ішінде7215
mod_vvisit_counterӨткен ай29711
mod_vvisit_counterБарлығы3116175

Қазір: 4
Сіздің IP: 3.85.214.125
,
Бүгін: 09-07-2020 21:00

Рейтинг@Mail.ru

google

kazdidac logo

Наше оборудование


Басшы PDF Басып шығару E-mail

Roza«ӘБЕО орталығы» ЖШС-нің Бас директоры Роза Айтжановна Сүлейменова – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, жетекші ғалым және Қазақстан Республикасындағы арнайы білім берудің заманауи жүйесін ұйымдастырушы. Р.А.Сүлейменова қазақ және орыс тіліндегі 200-ден астам ғылыми еңбектер мен оқулықтардың авторы.

Р.А.Сүлейменова «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының және арнайы білім беру саласындағы басқа да нормативтік құжаттардың авторы және бастаушысы.

Республикалық «Специальное образование в Республике Казахстан» ғылыми-практикалық журналын құрды және оның бас редакторы болып табылады.

Сүлейменова Роза Айтжановна 1946 жылы 19 тамызда Гурьев (қазіргі Атырау) қаласында туылған.

1969 жылы дефектология мамандығы бойынша В.И.Ленин атындағы Мәскеу мемлекеттік педагогикалық институтын бітірді. 

1974 жылы Мәскеу қаласындағы КСРО Педагогика ғылым академиясының дефектологиялық ғылыми-зерттеу институтындағы аспирантураны аяқтап, кандидаттық диссертацияны қорғады. 2001 жылы осы институтта түзету педагогикасы мен жалпы педагогика бойынша докторлық диссертация қорғады.

Р.А.Сүлейменова 1977 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында республикадағы ең бірінші дефектологиялық факультетті ашуды ұйымдастырды.

Р.А. Сүлейменова «Білім беру үздігі», «Алтынсарин» атындағы медальдерімен; «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытудағы сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен; Қазақстан Республикасының Білім беру және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен; Үкіметтің «Ерен еңбегі үшін» награда-медалімен марапатталды.

 

Жаңартылды 04.10.2016 11:46
 

В контакте

  

vk logo

Facebook «Маған ұнайды»

facebook 2

Twitter

twitter