Тілді таңдап алыңыз:

KazakhRussianEnglish

www.daru.kz

f95e609a

www.satr-training.kz

 

www.satr-edu.kz

satr-edu

Іздеу


Барыс-келістердің

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін310
mod_vvisit_counterКеше609
mod_vvisit_counterОсы апта ішінде3561
mod_vvisit_counterӨткен апта5883
mod_vvisit_counterОсы ай ішінде1486
mod_vvisit_counterӨткен ай23515
mod_vvisit_counterБарлығы3034972

Қазір: 6
Сіздің IP: 3.235.30.155
,
Бүгін: 03-04-2020 12:39

Рейтинг@Mail.ru

google

kazdidac logo

Наше оборудование


Көзі көрмейтін және нашар көретіндер үшін бағдарламалық қамтамасыз (БҚ) ету PDF Басып шығару E-mail
 
3
  • «Jaws for Windows» экранда көрсетілетін БҚ ЖК-дің Windows ортасында жұмыс жасайтын әлемдегі ең танымал экранда көрсетілетін бағдарлама. Jaws сізге қажетті бағдарламалық қамтамсыз етуге және интернетке қосылуға мүмкіндік береді. Сөйлеу синтезаторының арқасында экрандағы ақпарат, компьютердің аудио-картасы арқылы, дауысталып оқылады, ол әр түрлі контенті сөйлету мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар Jaws ақпаратты жаңғырмалы брайль дисплейіне шығаруға мүмкіндік береді.

    • JAWS инсталяциясы кезіндегі дыбыстық сүйемелдеу сыртқы көмекке жүгінуді қажет етпейді.
    • Арнайы пішін үйлесімділігін қажет етпей-ақ Windows қосымшасының барлық стандарттарын қолдайды.
    • Тұтынушының өзі қалауынша көбейтуіне болатын клавиатура командасының кең жиынтығы.
    • Экранды панорамалау тәртібін қолдау.
    • Клавиатура командасының көмегімен тышқанды(мышканы) эмуляциялау мүмкіндігі. Соның ішінде drag-and-drop әрекеттерін эмуляциялау.
    • Онлайн-анықтаманың ыңғайлы жүйесі тұтынушыға бағдарлама мүмкіндіктерін өз бетінше меңгеруге мүмкіндік береді.
    • Бағдарлама Windows 7, Vista, XP және ертеректегі операциялық жүйелердің басқаруымен жұмыс жасайды.

    MAGic экранды ұлғайту бағдарламасымен толық үйлеседі.

  

 

4
  • «MAGic» экранды ұлғайту БҚ- бұл көру қабілеті нашар адамдарға ЖК мүмкіндіктерін, сонымен қатар интернетті пайдалануға көмектесетін бағдарлама. Ақпаратты компьютер экранынан көру және оны сөйлеу синтезаторы арқылы бір мезгілде есту. Бағдарламаның көптеген және неше түрлі мүмкіндіктері бар, оны пайдалану оңай. Икемді реттегіштер тұтынушыға өзі үшін мейлінше тиімді нәтижеге қол жеткізуіне көмектеседі.

    • Экрандағы бейнені бастапқы көлемінен 1,1 еседен 36 есеге дейін ұлғайту.
    • Экранды ұлғайтудың бірнеше тәртібі бар: толық, үстінен басу, линза, динамикалық линза, экранды бөлу, ұлғайтылған және ұлғайтылмаған бейнені бірдей бақылау мүмкіндігі.
    • MAGic оқылған мәтінді жарықтандырып тұрады. Тұтынушы жарықтандырудың өлшемін, түсін және стилін бақылай алады.
    • Ұлғайту және сөйлеу синтезаторы қызметтері бір мезгілде және өз алдына жеке қолданыла алады.
    • Windows 7, Vista, XP операциялық жүйелерінің басқаруымен жұмыс жасайды.
    • Орыс тілді сөйлеу синтезаторымен және орысшаланған интерфейспен жеткізіледі.
    MAGic-те онлайн-анықтаманың ыңғайлы жүйесі бар, ол тұтынушыға бағдарлама мүмкіндіктерін игеруге көмектеседі. 


cobra
  • «COBRA 9.0» (КОБРА 9.0) экранды ұлғайту модулі бар экранға шығу БҚ «SuperVario2», «VarioConnect» және «VarioPro» брайль дисплейлеріне және басқа дисплейлерге арналған.

    Ол көзі көрмейтін және нашар көретін компьютер тұтынушылары үшін Windows 7, Vista немесе Windows XP бағдарламаларымен жұмыс жасауды жеңілдетеді және тұтынушыға бағытталған қазырғы заманғы экранға шығу бағдарламасының барлық қалыпты қызметтерін біріктіреді. COBRA 9.0 тұтынушының талабын белгілейді және сөйлеудің, брайльдің көмегімен немесе экранды ұлғайту арқылы компьютер мониторынан маңызды ақпаратты шығарады.

    Түрлі брайль дисплейлерінің көбімен жұмыс жасайды.

    • Экранды ұлғайтудың қуатты блогы бар ( 32 ретке дейін).
    • Microsoft Office бағдарламасын сенімді және толығымен қолдайды.
    • Windows 7 бағдарламасын толық көлемде қолдайды (сонымен қатар 64-бит).
    • Интернетке жылдам шығуды қамтамасыз етеді (сонымен қатар Firefox-тен).
    • Шапшаң жұмыс жасау үшін ыстық клавишаларды реттеуге мүмкіндік береді.
    Тышқанның(мышканың) өте үлкен түрлі түсті белгілері бар, ұлғайту аясының толық экранға қатысты орналасуы туралы мәлімдеме көрсетеді, инверттелген(төңкерілген) бейнені, сонымен қатар сұр, бір түсті және көп түсті режимдерді көрсетуге мүмкіндік береді.


mystick

  • «MyStick2» сөйлейтіні және экранды ұлғайтатыны бар экранға шығатын ұтқыр USB құрылғысы көзі нашар көретін компьютер тұтынушысына Windows бағдарламасы бар кез-келген жеке компьютерде ақпаратты сөйлетуге және экранды ұлғайтуға мүмкіндік береді.

     

    Барлық қажетті бағдарламалық қамтамасыз ету алынбалы USB-тасымалдаушысында қондырылған,  Windows бағдарламасы бар кез- келген компьютерде жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

    • Алдын -ала инсталляциялауды қажет етпейді.
    • Көзі нашар көретін компьютер тұтынушысына ақпаратты сөйлетуге және экранды ұлғайтуға мүмкіндік береді.
    СД-тасымалдаушысына  жазылған аудио нұсқаулығы бар. 


5
  • Тегісбасылған мәтіндерді тану және оқу үшін «OpenBook»  БҚ сапалы сөйлеуді және символдарды оптикалық танудың (OCR) соңғы жетістіктерін пайдаланып, сіздің компьютеріңіздегі басылған құжаттарды немесе графикалық негіздегі мәтіндерді электрондық мәтіндік форматқа ауыстырады. Nuance OmniPage ® және ABBYY FineReader ® OCR арасындағы жеңіл ауысу қажетті сканерлеуге мейлінше сәйкес келетін OCR құралын таңдауға мүмкіндік береді.

    • Символдарды қуатты оптикалық тану.
    • Көптеген қызмет түрлері экрандағы бейнені сіздің көруіңізге барынша жайлы етуге мүмкіндік береді. Сіздің мейлінше өнімділігіңіз үшін құжаттар бойынша әмбеба навигация және басқару құралдары.
    32 және 64 битті ОС Windows® 7, Windows Vista® және Windows 2008 Server,  32 битті ОС Windows XP, Windows 2003 Server және Windows 2000 қолдауы.

6

Тегісбасылған мәтіндерді тану және оқу үшін «Книголюб» БҚ компьютердің оқудан басқа да қызметтерін пайдаланғысы келетін тұтынушыларына арналған.

«Книголюб» бағдарламасы сканер және басқа компьютерлік техника қосылатын компьютерге қондырылады. ЖК-дің қалыпты клавиатурасының көмегімен мәтіндер басуға, сонымен қатар компьютердің кез-келген қызметін пайдалануға болады. Мониторға «Книголюбті» қосқанда компьютерде көзі жақсы көретіндер де жұмыс жасауға мүмкіндік алады. «Книголюб» жергілікті компьютерлік торапқа қосылуы мүмкін, ол оны басқа компьютерлермен байланыстыруға мүмкіндік береді.



7
  • «Duxbury BrailleTranslator» Брайльде мәтінді трансляциялау БҚ- бұл екі бағытты аударуды жүзеге асыру бағдарламасы: қалыпты шрифт Брайль әліппесіне аударылады және керісінше. Бірақ оның қасиеттері бұнымен шектелмейді. DBT – бұл толық қызметті мәтіндік редактор, оның көмегімен кез-келген құжатты бірнеше ондаған тілде, түрлі кодировкада брайль бойынша басуға дайындауға болады.

    MS Word, WordPerfect, HTML форматында файлдарды импорттауға мүмкіндік береді.

    Мәтінді тікелей  DBT редакторында жасауға және оны қалыпты әдіспен де, Брайль әліппесімен де енгізуге болады.

    Онда 300000 сөзден тұратын орфографиялық сөздік бар, "Quick Find Misspelling" қызметі орфографиялық қателерді жылдам тауып, оларды түзетуге мүмкіндік береді.

    DBT бағдарламасы брайль принтерлерінің барлық модельдерін қолдайды.   


easyreader

DAISY "Easy Reader" форматында кітаптар оқуға арналған БҚ тұтынушыларға мәтінді, сөзді және бейнелеуді қиыстыру арқылы кітапты оқуға және тыңдауға мүмкіндік береді. Көзі көрмейтін және нашар көретін оқырмандар үшін EasyReader тамаша құрал.

  • Электронды кітаптардың түрлі форматтарын оқиды: DAISY, NIMAS, HTML, TXT,  EPUB форматы (қорғалмаған) және көптеген басқалары.
  • EasyReader-дің жылы шырайлы интерфейсі бар, онда бағдарламаның барлық қызметтері қолжетімді. Тұтынушының ынтасы болса ыстық клавишаларды реттеуге мүмкіндігі бар.
  • EasyReader экранға шығатын бірқатар бағдарламалармен үйлесімді, мысалы, олардың ішіндегі ең танымалдысы "JAWS for Windows".
  • Алмастырылатын тасымалдағыштан кітапты ашу мүмкіндігі (мысалы USB немесе CD қондырғылары).
  • Оқу дауысын таңдау, оқу дыбысын, жылдамдығын және тонын өзгерту қолжетімді.
  • Ішіндегі көрсетілетіндерді ұлғайту және кішірейту қызметі.
  • EasyReader MathML ерекшеліктеріне сәйкес жасалған математикалық белгілерді көрсетеді және оқиды. 


easyconverter
  • DAISY "Easy Converter" форматында сандық сөйлейтін кітаптар жасауға арналған БҚ көру қабілеттері бұзылған және дислексиясы бар адамдардың басылым материалдары мен басқа да ақпараттарды оқуына қолайлы ұқсас форматтарға ауыстыруға мүмкіндік береді.

    • Бағдарлама ірі басылымды құжаттарды, MP3 аудионы, DAISY және Брайль форматындағы кітаптарды тез және жеңіл жасайды.
    • Қарапайым интерфейс, ыңғайлы және жылдам ауыстыру Шебері.
    • OCR редакторы түріндегі OminPage атты символдарды оптикалық танудың қуатты қосымшасы бар.
    • Беттерді нөмірлеу.
    EasyConverter математикалық белгілерді өзгерте алмайды, бірақ барлық мәтіндік құжаттар мен графика негізіндегі құжаттарды қолжетімді ете алады. 


dolphin-publisher
  • DAISY "Dolphin Publisher" форматында сандық сөйлейтін кітаптар жасауға арналған БҚ диктордың дауысымен немесе синтезделген дауыстың көмегімен дыбысталған DAISY форматындағы сандық «сөйлейтін» кітаптар жасауға арналған кәсіби бағдарламалық қамтамасыз ету.

    Мәтін мен дыбыстың толық сәйкестендірілуі.

    • Қызыл жиекке ескерпелерді, баспашының түсіндірмелерін, сілтемелерді, беттердің нөмірлерін қосу мүмкіндігі және т.б.
    • Рұқсатсыз көшіру мен шығарудан контентті қорғау үшін авторлық құқықты қорғау құралдары бар.
    • Хml және html-құжаттарды, мәтіндік құжаттарды (.txt), Microsoft Word (.doc және .docx) құжаттарын, EPUB (қорғалмаған), NIMAS импорттау, сонымен қатар мәтінді тікелей бағдарлама редакторында басу.
    • Бар DAISY кітаптарды редакциялау үшін импорттау.
    • Бейнелер мен графиканы импорттау.
    • Веб-парақшаларды қоса, кез-келген басқа қосымшалардан мәтіндерді алу.
    • HTML-тегтерден құжаттардың барлық тақырыптарын автоматты түрде белгілеу.
    • Mp3 немесе .wav (pcm) импорттау.
    • Жекеменшік дыбыс жазу және бұрын жазылған дыбысты қосу мүмкіндігі.
    • Толық редакциялауды қамтамасыз ету үшін импорттау үдерісінде mp3 файлдарды .wav-қа өзгерту.
    • 8000 Гц монодан 48000 Гц стереоға дейінгі форматтарда дыбыс жазу.
    • Дыбысты редакциялау (үзілістер қосу, шуды басу, үзілу, өшу жиілігін таңдау және өзгерту).
    • Мүмкін болатын қателерді шығаруға дейін тексеру қызметі.
    • SAPI4 немесе SAPI5 қолайлы синтезінің көмегімен экрандағы мәтіннен автоматты түрде дыбыс шығару.
    • DAISY 2.02 және DAISY 3 форматында сандық сөйлейтін кітаптар жасау.
    • DAISYформатында сандық сөйлейтін кітаптардың барлық 6 типін жасау.
    ID3 тегіне қосу арқылы қалыпты MP3 плеерден дыбыс шығару үшін аудио файлдардың атын өзгерту..

 

 
Толық ақпарат алу үшін хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, 050008, Байзақов к-сі, 273 «в» 
тел./факс: +7 (727) 395-83-20, +7 (727) 395-83-30 
Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек  

 
Жаңартылды 15.05.2017 17:14
 

В контакте

  

vk logo

Facebook «Маған ұнайды»

facebook 2

Twitter

twitter