Тілді таңдап алыңыз:

KazakhRussianEnglish

www.daru.kz

f95e609a

www.satr-training.kz

 

www.satr-edu.kz

satr-edu

Іздеу


Барыс-келістердің

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін393
mod_vvisit_counterКеше880
mod_vvisit_counterОсы апта ішінде393
mod_vvisit_counterӨткен апта7465
mod_vvisit_counterОсы ай ішінде18941
mod_vvisit_counterӨткен ай29224
mod_vvisit_counterБарлығы2626590

Қазір: 11
Сіздің IP: 34.203.213.116
,
Бүгін: 20-01-2019 14:47

Рейтинг@Mail.ru

google

kazdidac logo

Наше оборудование



Глоссарий

Глоссарий PDF Басып шығару E-mail

Акустика  (грек. akustikós — естілетін, тыңдалатын) — дыбыс туралы ғылым, яғни   адам құлағына жететін газдағы, сұйықтағы және қатты денелердегі тығыз тербелістер мен толқындар (бұндай тербелістер  жиілігінің диапазоны 16 гц-20 кгц).   

 

Акустикалық кері байланыс   (АКБ)  сигналдардың акустикалық шығудан акустикалық кіруге енуіне байланысты    аппаратураның шығуында пайда болған кедергілерді  (шулар, ысқырықтар және т.б.) білдіретін құбылыс.   

 

Аудиометр (ескіше –  «авдиометр»; лат. audire  есту және грек.     metron  өлшем құлақтың естігіштігін   дәл анықтауға,    құлақтың естігіштігін     өлшеуге арналған   электроакустикалық құрал.  Құлақ естігіштігі    өлшенетін сигналдың түріне қарай аудиометрлер үндестіктік және сөйлеу тілдік болып бөлінеді, олар жиі жағдайда бір аппаратта беріледі.

       Құлақ естігіштігін      үндестіктік аудиометрмен өлшеу кезінде  естілудің таза тондарының шегі (яғни синусоидтық) бойынша анықталады; сөйлеу тілдік аудиометрмен өлшегенде – естілу шегі бойынша немесе сөйлеу тілінің анықтығы бойынша, яғни сөйлеу тілі сигналының анықтығының қанағаттандыралық пайызымен қамтамасыз етілетін дыбыстың аз қарқыны бойынша анықталады.

       Өлшенген есту шегі қалыпты есту қабілетінің орташа шегінің көрсеткішіне    қатысты децибелдермен өлшенеді. Өлшенген және қалыпты шектердің арасындағы децибелдік айырмашылық есту қабілетін жоғалтудың сандық сипатын білдіреді. 

      Аудиометриялық әдіс  есту қабілетін  физиологиялық сезіну шегінің психофизикалық параметрлерін өлшеу негізінде анықтау үшін пайдаланылады. Берілген параметр  дыбыстың жиілігі мен оның қаттылығын өзгерту тәсілімен өлшенеді. Зерттеу жұмысы ең жақсы ажыратылатын жиілік пен дауыс қаттылығының  дыбыстары  сөйлеу тілінің дыбыстарының жиілігі мен қаттылығына барынша жақын дыбыстар екенін     көрсетті.

 

Аудиограмма –  көлденең және тік остері бар арнайы бланкіге ендірілген аудиометриялық зерттеулер  нәтижесінің графигі. Тік ось дБ  ЕШү (есту шегі үсті децибелдер)    дыбыс деңгейіне (қарқындылығы) сәйкес келеді,  көлденең осінде Гц (герц) берілген жиілік белгіленеді. Аудиограммадағы қызыл қисық оң құлаққа, көк қисық сол құлаққа сәйкес келеді. Құлаққап пайдаланылған зерттеу жұмысының мәліметтерін тұтас  сызықпен, сүйек дірілдеткіші пайдаланылған мәліметтерді үзік сызықпен бейнелейді.

Зерттеу жұмысын жүргізудің қарсы көрсетімдері мен асқынулары болмайды, ол есту аппаратын таңдаған кезде жүргізіледі,  әдетте 20-40 минутқа созылады.

 

Бинауральды жасанды есту мүшесін орнатуқұлақты есту аппараттарымен екі жақты (екі құлаққа) протездеу. 

 

Децибел –  (белдың оннан бір бөлігі; дБ) акустикалық күш деңгейінің бірлігі. Телефонды ойлап шығарушылардың бірінің  Александра Белл (1847-1922) аты берілген. Дыбыс қаттылығының децибелдік шәкілі әзірленген.

 

Жайсыздық шегі пайдаланушыда жайсыздық сезімін тудыратын дыбыс қаттылығының шегінің мәні;  децибелмен өлшенеді. Есту аппаратының шығудағы дыбыстық қысымның мәнінің шегін күйге келтіргенде есепке алынады. 

 

Жеке құлақ жапсырмасы (ЖҚЖ) 1)  құлақ қалқаны мен сыртқы есту жолының көшірме үлгісі бойынша  дайындалған құлақ жапсырмасы; 2) заманауи жасанды есту мүшесін орнатудың бір бөлігі және  есту аппаратын таңдаудың   және күйге келтірудің     табысты болуын қолдайды.  Құлақтың рамеріне сәйкес көшірмесі бойынша жасалынады. BEI атқарымы – пациенттің құлақ арты аппаратын бекітеді; дыбысты есту аппаратынан құлақ жарғағына жеткізеді және  тиімді дыбысталуымен қамтамасыз етеді; есту аппаратының кері байланысының («ысқырық») туындауының алдын алады; сыртқы есту жолының терісін қажау мен тіркендірудің алдын алады.   

 

Кохлеарлық   имплантация –  есту жүйкесінің сақталған талшығын элетрлік ынталандыру арқылы дыбыстық ақпаратты қабылдауды қамтамасыз ететін электодтар жүйесі пациенттің ішкі құлағына ендірілетін хирургиялық ота. Кохлеарлық   имплантация   жасанды есту мүшесін орнатудың бір түрі болып саналады.   

 

Логопедия – есту қабілеті қалыпты мөлшердегі сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балаларды дамыту, тәрбиелеу, оқыту әлеуметтік бейімдеу және қоғамға кіріктіру заңдылығы туралы ғылым. 

 

Олигофренопедагогика – зерде даму бұзылыстары   бар балаларды дамыту, тәрбиелеу, оқыту әлеуметтік бейімдеу және қоғамға кіріктіру заңдылығы туралы ғылым.  

 

Өлшеу құралдарын тексеру – Мемлекеттік метрологиялық қызмет органдарының (басқа да осыған өкілетті органдар, ұйымдар) өлшеу құралдарының  бекітілген талаптарға сәйкестігін анықтау және нақтылау мақсатымен орындайтын операциялар жиынтығы.  Стандарттау, метрология және сертификациялау бойынша мемлекетаралық кеңес төмендегі тексеру түрлерін бекітті: 

Бастапқы тексеріс 

Дүркіндік  тексеріс

Кезектен тыс тексеріс 

Инспекциялық тексеріс 

Жиынтықтық тексекріс 

Элементтері бойынша тексеріс 

Таңдамалы тексеріс 

Сарапшылық тексеріс 

 

Біліктілікті арттыру –   Кадрларды кәсіптік талаптың жоғарылауы немесе лауазымының жоғарылауына байланысты білімін, икемділігі мен дағдыларын жетілдіру мақсатында дайындау.  Мамандардың біліктілігін арттырудың  мақсаты  мемлекеттік білім беру стандарттары талаптарының үнемі жоғарылап отыруына сәйкес олардың теориялық және практикалық білімдерін жаңарту.  Біліктілікті арттыру қажетіне қарай жүргізіледі, алайда қызметкерлердің барлық ағымды еңбек қызметінің  5 жылында 1 реттен сирек  болмауға тиісті.  Мамандардың біліктілігін арттырудың мерзімін жұмыс беруші анықтайды.  Біліктілікті арттыруға  кіретін оқу түрлері: қысқа мерзімді (72 сағаттан кем емес); сала, ұйым деңгейінде туындаған ғылыми-техникалық, технологиялық, әлеуметтік-экономикалық және басқа да проблемалар бойынша теориялық және проблемалық семинарлар (72 сағаттан 100 сағатқа дейін); мамандарды ғылым, техника, технология, әлеуметтік-экономикалық және басқа да кәсіптік қызмет саласы бойынша басқа проблемаларды тереңдете зерттеу үшін біліктілікті арттырудың білім беру ұйымдарында  ұзақ мерзімде (100 сағаттан артық) оқыту.


Кадрларды қайта даярлау –   Кадрларды оның еңбегінің мазмұны мен нәтижесіне талаптардың өзгеруіне немесе жаңа мамандықты меңгеруіне байланысты жаңа білім, икемділік пен  дағдыларды меңгеру мақсатында қайтадан даярлау.  

 

Мүикіндіктері шектеулі бала (балалар) – он сегіз жасқа дейінгі дене тұрғысында және (немесе)  психикалық дамуында бұзылыстары бар, туа біткен, тұқым қуалайтын, кейіннен пайда болған ауруларға немесе бекітілген тәртіпте нақтыланған жарақаттардың зардабына байланысты өмірлік қызметі шектеулі  бала (балалар).

 

Сөйлеу тілдік   аудиометрия  –   адам әр түрлі  дыбыс қаттылығында  тани білетін сөздердің пайызын анықтауға мүмкіндік беретін есту қабілеті бұзылыстарын диагностикалаудың субъективті әдісі.  

 

Есту аппараты – 1) адамның есту қабілетінің бұзылыстарына байланысты өмірлік қызметінің шектелуінің өтеміне арналған бағдарланатын шұғыл параметрінің  электрондық күйге келтірілуі  басқару құралы мен интерфейс құралымен қамтамасыз етілетін құралдың кез келген түрі; 2) ауа немесе сүйек дыбыс өткізгіштігі бойынша дыбысты күшейтуге арналған электронды құрал; 3) есту қабілетінің тұрақты төмендеуінде немесе саңыраулықта қолданылатын дыбыс күшейткіш құрал. 

 

Жасанды есту мүшесін орнату –  жоғалған есту қызметін түзету немесе ауыстыру құралдарын (есту аппараттарын) пайдалану тәсілімен есту қызметін электроакустикалық түзету.     

 

Сурдологиялық орталық  – балалар мен ересек адамдарды әлеуметттік оңалту мақсатында  есту қабілетін  жасанды есту мүшесін орнату жолымен түзетуді іске асыратын емдік-профилактикалық мекеме.  

 

Сурдопедагогика  есту қабілетінде   бұзылыстары   (туылғаннан естімейтін, нашар еститін, кейіннен естімей қалған) бар  балаларды  дамыту, тәрбиелеу, оқыту әлеуметтік бейімдеу және қоғамға кіріктіру заңдылығы туралы ғылым.  

 

Арнайы педагогика – Дене тұрғысында немесе психикалық даму бұзылыстарының болуына байланысты  арнайы оқыту мен тәрбиелеудің жеке-дара тәсілдерін қажет ететін, мүмкіндіктері шектеулі баланың жеке тұлғалық даму үдерісін басқару тенденциясын, заңдылығын, мәнін зерттейтін ғылым. 

 

Тифлопедагогика – көру  қабілетінде   бұзылыстары   (туылғаннан көрмейтін, жартылай және нашар көретін, кейіннен көрмей  қалған) бар  балаларды  дамыту, тәрбиелеу, оқыту әлеуметтік бейімдеу және қоғамға кіріктіру заңдылығы туралы ғылым.   

 

Құлақ мүкістігі –   Есту қабілетін жартылай жоғалту. Кереңділіктің үш түрі ерекшеленеді: дыбысты өткізудің бұзылуына байланысты (кондуктивтік М.), дыбысты қабылдаудың бұзылуына байланысты (сенсоневральдық М.) және аралас түрі.    Кондуктивтік М құрамына сыртқы есту жолы, құлақ жарғағы, есту сүйекшелерінің жүйесі, ішкі құлақ сұйығы кіретін  сыртқы, ортаңғы немесе ішкі дыбыс өткізу жүйесінің бұзылуына байланысты туындайды. Сенсоневральдық М. ішкі құлақтың дыбысты қабылдау  жүйесінің бұзылуына байланысты болады. Бұл жүйенің басты компоненттеріне Қорти мүшесі мен ұлудағы сұйықтың механикалық тербелуін биоэлектрлік сигналға ауыстырып, ары қарай есту жүйкесіне жіберетін  арнайы талшық жасушалары жатады. Аралас М. жоғарыда көрсетілген екі бұзылыстың өзара үйлесуін білдіреді.

Жаңартылды 18.03.2015 03:36
 

В контакте

  

vk logo

Facebook «Маған ұнайды»

facebook 2

Twitter

twitter